Жеделхат мәтінінде былай делінген:
Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы,
Сізді бауырлас Қырғыз халқының атынан және жеке өз атымнан 2011 жылғы 3 сәуірде өткен Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауындағы жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын.
Сіздің басшылығыңызбен 20 жылдан бері бауырлас Қазақстан қол жеткізген табыстар ауқымды және бірегей сипатқа ие және бұған Қырғызстандағылар шын ниетімен қуанышты.
Қырғыз Республикасының Президенті
Роза Отынбаева