Жаңалықтар

14 желтоқсан 2005
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы атынан құттықтау жеделхаты келіп түсті.

«Шетелдегі 5 миллионнан астам ағайындарымыз Сізді Қазақстан Республикасының Президенті ғана емес, жер жүзіндегі бүкіл қазақтың Көшбасшысы, арқа сүйер Асқар тауы деп есептейді. Және Сізді әлемдегі ең беделді, ең даңқты қайраткерлердің бірі ретінде мақтан етеді.

 

Сіздің басшылығыңыздың арқасында Қазақ елінің өзге халықтармен әрқашан да терезесі тең болып, өркендей береріне кәміл сенеді.

 

Жақында ғана Астана қаласында өткен Қазақтардың ІІІ Дүниежүзілік құрылтайында әлемнің 32 елінен келген қандастарымыздың Сізді бір ауыздан Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқасының төрағасы етіп сайлауы – осы сенімнің айқын көрінісі.

 

Сіз осы Құрылтайда Атажұрттың шетелдегі ағайындармен байланыс жасауындағы бүкіл өзекті мәселелерін талдап, нақты міндеттерді белгіледіңіз. Сіздің Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайлануыңыз осы міндеттердің толық жүзеге асуына кепілдік береді», - деп атап көрсетіледі жеделхатта.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар