Жаңалықтар

11 ақпан 2009
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Онда Қазақстан Республикасының 2007-2012 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыру барысы туралы мәселе қаралды.


Елдегі жағдайдың дамуына ықпал ететін сыртқы және ішкі факторларды талдау негізінде Мемлекет басшысы атқарылып жатқан жұмыстың тиімділігіне баға берді. ҚР Үкіметінің, Ұлттық Банктің, Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2009-2010 жылдарға арналған Дағдарысқа қарсы іс-шаралар жоспарына айрықша назар аударылды.


Отырыста Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Б.Сұлтанов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Сапарбаев, Төтенше жағдайлар министрі В.Божко есеп берді.


Әлемдегі, өңірдегі және елдегі саяси ахуал мен экономикалық жағдайды ескере отырып, Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев нақты тапсырмалар берді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар