Жаңалықтар

4 қазан 2007
Мемлекет басшысының атына Қостанай облысының әкімі С.Кулагиннен қостанайлық диқандардың егін орағын аяқтағаны жөнінде жеделхат келіп түсті.

«Механизаторлардың, ауыл шаруашылығы мамандарының тынымсыз еңбегі мен шеберлігі, ылғал сақтайтын технологиялар элементтерін кеңінен қолдану, алдыңғы жылдары жаңартылған техникалық парктің жоғары әзірлігі рекордтық көлемдегі астық жинауға мүмкіндік берді. Гектарына 16,56 центнер түсім жағдайында облыстың егіс алқаптарынан 6 миллион 552 мың тонна астық жиналды.


Қостанай облысының бұған дейінгі тарихында ауыл еңбеккерлері мұндай мол астық жинаған жоқ. Оның «Қазақстан-2030» стратегиясының қабылданғанына 10 жыл толуымен тұспа-тұс келуі қуанышты жайт. Диқан қауымының осы толайым табысы Қазақстанның тәуелсіздік алған күнінен бастап Сіз жүргізіп келе жатқан саясаттың нақты дәлелі.


Қостанайлықтар мұны өздерінің ғана емес, ортақ жеңісіміз деп қабылдайды. Ауыл шаруашылығындағы мұндай табысқа олар Сіздің агроөнеркәсіп кешеніне көрсеткен жеке қолдауыңыздың арқасында қол жеткізіп отыр. Біз еліміздің бас астықты өңірі мәртебесін кезекті рет айқындағанымызды және Сіздің облысымызға таяуда жасаған сапарыңызда берген уәдемізді орындай алғанымызды мақтан тұтамыз, - делінген жеделхатта.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар