Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

29 қыркүйек 2007
Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев корейлердің Қазақстанға қоныс аударғанына 70 жыл толуына арналған салтанатты жиынға қатысты.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Мемлекеттік хатшы Бейбітшілік және келісім сарайында өткен салтанатты жиында Мемлекет басшысының корей диаспорасына арнаған құттықтауын оқып берді.


- Корейліктер біздің республикамыздың жарқын жүзді әрі сан алуан халықтары буынының тұтас және ажырағысыз бөлігіне айналғандарын мен мақтанышпен атап өтпекпін. Қазақстанның байтақ жерінде сіздер өздеріңіздің салттарыңыз бен дәстүрлеріңізді сақтап, байыттыңыздар, осы жерде корей халқының көптеген талантты және қабілеті зор ұл-қыздары өркен жайды. Сіздердің жетістіктеріңіз – бұл корей диаспорасының және бүкіл Қазақстан халқының табысы. Біртұтас тату отбасыда біз жаңа Қазақстанды бірлесе жасаудамыз, - делінген Президенттің құттықтауында.


Бүгінде Қазақстанда Конституциялық кеңестің бірінші төрағасы Юрий Алексеевич Ким, экономист, «Отан» және Қазақстанның Тұңғыш Президенті ордендерінің иегері – Мемлекет басшысының ұзақ жылдардан бергі үзеңгілесі Владимир Васильевич Ни, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, спортшы, саяси және қоғам қайраткер Юрий Андреевич Цхай сынды корей халқының көрнекті өкілдерін мақтан тұтады.


Қанат Саудабаев «бүгінде біздің жаңа мемлекетімізде өзінің этностық немесе дініне қарамастан, өзін бірінші кезекте біздің Республикамыздың азаматы санайтын және өзінің болашағын ел дамуының келешегімен тығыз байланыстыратын жаңа тұлға – Қазақстанның нағыз патриоттары қалыптасып келеді», деп атап өтті Қанат Саудабаев сөйлеген сөзінде.


Салтанатты жиынға Қазақстанның барлық өңірлерінен корей диаспорасының белгілі мүшелері және Корей Республикасының сыртқы істер министрінің орынбасары Х.Е.Ким бастап келген делегация, сондай-ақ көптеген шетелдік меймандар қатысты.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар