Жаңалықтар

22 қазан 2010
Мемлекеттік хатшы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселелері жөніндегі Комиссияның кезекті отырысы болып өтті.

Қанат Саудабаев отырыста сөйлеген сөзінде: «Таратпау саласындағы және ядролық қауіпсіздікті жою мәселесінде Н.Назарбаевтың көшбасшылығы бүкіл әлемде мойындалды және жоғары бағаланды. Елбасы бастамасымен 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күн деп жарияланатыны бірауыздан қабылданған резолюциясы, сонымен қатар Мемлекет басшысының АҚШ Президенті Б.Обама шақыруымен Вашингтон қаласында өткен Бүкіләлемдік Саммитінде ядролық қауіпсіздік тақырыбында сөйлеген сөзі осы жағдайдың нақты көрінісі. Шындығын айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаевқа тең келер жаһандық таратпау тәртібін нығайтуына үлесін қосқан әлі де қоса беретін дүниежүзінен басқа  мемлекеттік қайраткерді табу оңай емес екендігі белгілі», - деп атап өтті.

Отырыс барысында оған қатысқандар таратпау мәселесі және осы саладағы халықаралық ынтымақтастығы жөніндегі күн тәртібінің мәселелерін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың тиісті тапсырмаларды орындауы бойынша пікір алмасты.

«Бірінші отырыста қойылған міндеттер жаппай қырып-жою қаруын таратпауды нығайту саласындағы басты міндеттердің нақты көрінісі болып, сонымен қатар, еліміздің осы саладағы үлесінің жалғасып жатқаны ақиқат. Өткен 9 айдағы қызметінің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысының таратпау және осындай ядролық қауіпсіздікті жою маңызды саясатындағы қызметіне айналған біздің Комиссия Елбасының Комиссияны құру шешімінің өзектілігі мен қажеттілігі болғандығын айқындады», - деп атап өтті Қанат Саудабаев.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша хаттамалық шешім қабылданды және мемлекеттік органдарға  халықаралық талаптарға сай экспорттық бақылау саласындағы еліміздің заңнамасын бiрiздендiру жөніндегі тиісті шараларды одан әрі қабылдау, жаппай қырып-жою қаруын таратпау тәртібін нығайтуға бағытталған қажетті шаралар қолдану туралы нақты тапсырмалар берілді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар