Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

6 ақпан 2009
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы Григорий Марченконы қабылдады.

Г.Марченко Мемлекет басшысын Қазақстанның қаржы нарығы мен банк жүйесіндегі теңге девальвациясынан кейінгі жағдай туралы хабардар етті.


Президент теңге девальвациясы экономиканы қолдауға бағытталған қажетті шара болғанын атап өтті. Бұл шара арқылы елдің алтын-валюта қоры сақталды. Мемлекет басшысы сондай-ақ Үкіметтің, Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің, «Самұрық-Қазына» қоры мен ҚР Ұлттық Банкінің еліміздің банк саласында мемлекеттік бақылауды күшейту жөніндегі іс-қимылын қуаттады.


- Ұлттық Банк қолма-қол ақша нарығындағы жағдайды тұрақтандыра алды. Бейсенбі күні түстен кейін ірі банктердегі валюта айырбастайтын орындарда бір долларға шаққандағы теңгенің ең жоғарғы бағамы 151 теңгені құрады. Елімізде қолма-қол ақша белгіленген мөлшерден артық. Валюта биржасында теңге бағамы Ұлттық Банктің араласуынсыз-ақ орнықты. Биржадағы және қолма-қол валюта нарығындағы ахуалды өте тез арада тұрақтандыру мүмкін болды, - деді Г.Марченко журналистерге арналған брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар