Жаңалықтар

20 ақпан 2009
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы Сот төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады.

Қ.Мәми Мемлекет басшысын 2008 жылдың қорытындысы бойынша республикада жүзеге асқан сот төрелігінің ахуалы туралы хабардар етті, сот жүйесін одан әрі жетілдіру жөнінде қолға алынып отырған шаралар, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етудегі және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді қорғаудағы соттардың рөлі туралы баяндады.


Жоғарғы сот төрағасы сот төрелігін жүзеге асырудағы сапа көрсеткішінің жақсару үрдісін, сонымен қатар соттарға келіп түскен істердің де көбейіп отырғанын атап өтті. 2008 жылы республика соттарына түскен істердің саны 2007 жылға қарағанда жүз мыңға артық болған.


Мемлекет басшысы Қазақстанда сот төрелігі жүйесін жетілдіруге бағытталған бірқатар шаралар қабылданғанын атап өтті. Судьялардың жұмысына қажетті барлық жағдай жасалған, олардың еңбекақылары 60 пайызға артты. Президент соттардан қайтарым жасалған жағдайларға сәйкес болуы тиіс екендігін атап көрсетті. Осынау дағдарыс кезінде соттар қол жетімді, әділ және адал болуы тиіс.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар