Жаңалықтар

24 қазан 2007
Республика күні қарсаңында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астананың бірқатар жаңа нысандарын аралап көрді.
big-01.jpg

Президент алдымен «Хай Вилл Астана» тұрғын үй кешенімен танысты. Содан кейін Нұрсұлтан Назарбаев қаладағы басқа да маңызды нысандар – ұзындығы 16,7 шақырымды құрайтын «Оңтүстік айналма жолды» және Қырқыншы станциясындағы теміржол үстінен салынған 117 метрлік көпірді аралап көрді. Сол күні Мемлекет басшысы «Мега Астана» жаңа ойын-сауық орталығында болды.


Президент аралап көрген бірінші нысан – «Хай Вилл Астана» кешені. Мұнда 2005 жылдан бастап жүргізіле бастаған жұмыстар 2009 жылдың желтоқсан айында толық аяқталуы тиіс. Құрылысты жүргізуші – “Dongіl Hіghvіll LTD” атты корей компаниясы. Құрылыс алаңының жалпы көлемі – 400 мың шаршы метрге таяу. Мұның 359 мың 829 шаршы метрін тұрғын-жай алаңдары құрайды. Тұрғын үйлермен қатар сауда орындарынан, бизнес орталықтан, шетелдік мектептен, балалар бақшасынан, медициналық орталықтан, фитнес-клуб пен аметист, жақұт, інжу, жаден, сапфир бақтарынан тұратын бұл кешен шығыс пен батыс мәдениетінің басын қосқан, Астана қаласына көрік беретін сәулетті құрылыс нысандарының біріне айналып келеді. Салынуға тиісті 2313 пәтер 6 блокты құрай¬тын болады. Соның 372 пәтерден тұратын “А” блогы 20 қазан күні пайдалануға берілген болатын.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар