Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

1 желтоқсан 2010
«Салтанат сарайында» ЕҚЫҰ Саммитіне қатысқан делегация басшыларының құрметіне Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан ресми қабылдау болды.

Қабылдауға қатысушылар мен қонақтардың алдында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ-ның Астана Саммитіндегі сөздерінде және пікір алмасулар кезінде саяси көшбасшылар осы Ұйымның жиырма бірінші ғасырда табысты дамуына ортақтастықтарын білдіргенін атап өтті.

- Еуропа мен Солтүстік Америкадағы, Орталық Азия мен Кавказдағы 56 елді біріктіріп отырған ЕҚЫҰ-ның ұлан-ғайыр кеңістігінде өзара түсіністік пен қауіпсіздікті нығайту жаһандық қауіпсіздікті нығайту ісіне қосылған зор үлес болып табылатынына сенемін, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Президент Қазақстан өз төрағалығынан кейін де біздің еліміз «Астана рухымен» бекіте түскен «Хельсинки рухын» одан әрі іске асыру мақсатында тығыз және жемісті өзара іс-қимыл жүргізуге әзір екеніне тоқталды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар