Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

28 маусым 2013
Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен Ұлттық тарихты зерделеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының екінші отырысы өтті

 

Отырыста өкілетті мемлекеттік органдардың «Халық тарих толқынында» бағдарламасын әзірлеу, сондай-ақ ведомствоаралық жұмыс тобының бірінші отырысында белгіленген міндеттерді іске асыру жөнінде қабылданып жатқан шаралар қаралды.

Бағдарламаның басты мақсаты – озық әдіснама мен әдістеме негізінде Қазақстанның тарих ғылымының сапалық серпілісі, қазақ халқының ұлттық тарихы көкжиегін кеңейту, ұлттың жаңа тарихи дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру, сондай-ақ еліміздің қазіргі заман тарихының жиырма жылдығын зерделеу үшін жағдай жасау.

Кездесу қорытындысы бойынша ұлттық тарихты жан-жақты зерттеу жөнінде ғылыми-зерттеушілік, оқу-әдістемелік және ақпараттық-талдамалық жұмыстарды түрлі бағыттар бойынша ұйымдастыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар