National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Қазақстан Президенті «DP World» компаниясы басқармасының төрағасы Сұлтан Ахмед бин Сулайеммен кездесті

2018 жылғы 11 тамыз

Кездесу барысында Мемлекет басшысы «DP World» компаниясының жүк тасымалы мен логистика саласындағы жетістіктерін атап өтті.

– Сіздер әлемдегі 78 терминалды басқарып, 6 құрлықтағы 42 елмен жұмыс істейсіздер. Біз үшін сіздердің мол тәжірибелеріңіз аса маңызды, бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті инвестиция тарту үшін жасалып жатқан еліміздегі жағдайға ерекше тоқталып, Құрық порты еркін экономикалық аймағының басымдықтары жөнінде айтты.

– Біз жаңа жол салдық, Алашанькоу мен Қорғас арқылы өтетін екі жол тартылды. Осылайша, біз Шығыс Қытай провинциясынан Қазақстан, Орталық Азия, Ресей, Парсы шығанағы, Қара теңіз және Жерорта теңізі арқылы Еуропаға жүк тасымалдау көлемін толық қамтамасыз етіп отырмыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Компания жетекшісі Мемлекет басшысын Құрық порты мультимодальды терминалының іске қосылуымен құттықтап, Қазақстанда трансұлттық тасымалдаушылардың жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасалғаны үшін алғыс білдірді.

– Мен Сіздің сіңірген еңбегіңізді жоғары бағалайтынымды тағы да атап өткім келеді. Бұл жобаның жүзеге асырылуы, шындығында, ғажайып іс болып саналады. Себебі инфрақұрылымға қаржы салмай, Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ осы өңірде экономикалық тұрғыдан жетістікке жету мүмкін емес. Біз өз тұтынушыларымыздың мақсаттары мен қажеттіліктері үшін Ақтау портының жұмысына мүдделі болып отырмыз, – деді Сұлтан Ахмед бин Сулайем.

Соңында Қазақстан Президенті «DP World» компаниясының басшысына өзара тиімді ынтымақтастық жолында зор табыс тіледі.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 05 мамыр

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

2026 жылғы 06 мамыр

Президент Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Жарлық

2026 жылғы 06 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің