National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент жанындағы комиссиялар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Мемлекет басшысы жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады және ол 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 839 Жарлықпен құрылды.

Комиссияның негізгі міндеттері сыбайлас жемқорлыққа және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын бұзушылығына қарсы іс-қимылды күшейтуге, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған келісілген шараларды талдап-жасау мен қабылдау болып табылады. Комиссия еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асырудың маңызды құралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік органдардың, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарының аталған саладағы өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мәселелерінде үйлестіруші орталық болып табылады.

Комиссия төрағадан, оның орынбасарынан, хатшыдан және Комиссияның өзге де мүшелерінен тұрады. Комиссияны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі басқарады. Комиссия төрағасының орынбасары Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, хатшысы - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі болып табылады.

Комиссия құрамына лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының екі орынбасары, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, Қазақстан Республикасының Әділет министрі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, келісім бойынша – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа комитеттерінің төрағалары кіреді.

Комиссия құрамына үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және өзге де адамдар кіруі мүмкін

Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі, Комиссия төрағасының шешімі бойынша ашық немесе жабық болуы мүмкін.

Комиссия отырыстарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың нысандары мен әдістерін жетілдіру жөніндегі неғұрлым өзекті мәселелер қаралады.

 

Комиссия қызметінің басты басымдығы Mемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласында қойған міндеттерін бұлжытпай іске асыру болып табылады.

2017-2020 жылдар аралығында комиссияның 16 отырысы өткізілді, онда 20-дан астам мәселе қаралды. Ағымдағы жылға 11 мәселе бойынша 7 отырыс жоспарланған.

Мысалы, 2019 жылы комиссия отырыстарында Mемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде шарттар жасасу кезіндегі заңдылықтың жай-күйі, сондай-ақ Мемлекет басшысының бизнесті заңсыз әкімшілік қысымнан және қылмыстық қудалау қаупінен қорғауды арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау барысы туралы мәселелер талқыланды.

2020 жылы келесі мәселелер қаралды:

1) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015 – 2025 жылдарға арналған стратегиясының іске асырылу барысы және уәкілетті мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлық қатерлеріне сыртқы талдау жүргізу қорытындылары бойынша енгізілген ұсынымдарды орындау нәтижелері туралы;

2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, білім беруді және тәрбиелеуді қалыптастыру мәселелері;

3) мемлекеттік бақылау мен қадағалауды одан әрі жетілдіру, бақылау объектілерін мониторингтеудің тиімді тетіктерін және бұзушылықтарды анықтаудың пәрменді өлшемшарттарын енгізу;

4) көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік органдар қабылдап жатқан шаралардың тиімділігі туралы;

5) Қазақстан Республикасында жер ресурстарын басқару, пайдалану және қорғау тиімділігі туралы;

6) азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылу тиімділігі туралы;

7) квазимемлекеттік сектордың ірі инфрақұрылымдық компанияларының мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігі туралы.

8) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігі туралы және басқалар.

Отырыстардың нәтижелері бойынша уәкілетті органдар мен ұйымдарға нақты ұсыныстар беріліп, тиісті ақпараттық хабарламалар орналастырылды.

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

 

Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару