National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары


Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 30 шілдедегі № 611 Жарлығымен бекітілді және елді дамытудың ұзақмерзімді бағдарларына қол жеткізуге бағытталған, тиісті жоспарлы кезеңде ел дамуының мақсатын, негізгі бағыттарын, даму басымдықтарын, оларды қамтамасыз ету тәсілдерін және түйінді ұлттық индикаторларын көздейтін Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаты болып табылады.

Бес қағидаттар:

  • Жаһандық бәсекеге қабілеттілікті арттыру және тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсарту үшін бәсекелестікті ырықтандыру және ынталандыру.
  • Кәсіпкерлікті қорғау және дамыту, сондай-ақ экономиканың өсуі үшін оны жеткілікті инвестициялармен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін инвесторлар үшін түсінікті, болжамды және тартымды экономикалық саясат.
  • Сапалы білім беруді қамтамасыз етуге және кәсіпкерлік пен шығармашылық бастаманы қолдауға баса назар аудара отырып, қазақстандықтардың әлеуетін ашу.
  • Инновациялық белсенділікті кеңейту, салалар мен кәсіпорындарды жаңғырту және цифрландыру арқылы экономиканың өнімділігі мен күрделілігін арттыруға баса назар аудару.
  • Өңірлердің дамуында аса үлкен алшақтықтарға жол бермеу және өңірлердің өз әлеуетін және үлкен экономикалық дербестігін іске асыруы үшін жағдайлар жасау.

Негізгі бағыттар

1. Өмірдің жоғары сапасы

   1.1. Денсаулық сақтау

   1.2. Білім және ғылым

   1.3. Әлеуметтік қорғау

   1.4. Жайлы орта

2. Экономиканың берік іргетасы

   2.1. Минералды-шикізат базасы: мұнай және газ

   2.2. Минералды-шикізат базасы: металдар және басқа да пайдалы қазбалар

   2.3. Энергетика

   2.4. Өңдеу өнеркәсібі

3. Өсудің жаңа нүктелері:

   3.1. Көлік-логистика кешені

   3.2. Агроөнеркәсіптік кешен

   3.3. Инновациялар, цифрлық және креативті экономика

   3.4. Туризм

4. Экономика мен қоғамның түпкілікті түрленуі

   4.1. Серпінді кәсіпкерлік орта құру

   4.2. Жаңа инвестициялық цикл

   4.3. Экологиялық орнықтылықты арттыру

   4.4. Тиімді мемлекеттік қаржы

   4.5. Заң үстемдігін қамтамасыз ету және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру

Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарына қосымша ретінде 2029 жылға дейінгі негізгі ұлттық индикаторлар айқындалды.

Құжаттың толық мәтіні 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару