Мемлекет басшысының Жарлығымен адал еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі, заңдылық пен қоғамдық тәртіпті нығайтудағы қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Ерлан Қарин мемлекеттік қызметшілерге Президенттің жылы лебізін жеткізіп, марапаттарды табыстады.