National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қазақстан тарихының бесінші томы бекітілді

Алматыда Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты жеті томдық академиялық басылымды әзірлеу бойынша редакция алқасының кезекті отырысы өтті.

Жиында ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың бастапқы кезеңіндегі Қазақстан тарихына арналған бесінші томның қолжазбасы қаралды.

Редакция алқасы мүшелерінің ұсыныстары негізінде жаңарған бесінші томның құрылымы мен мазмұнын авторлар ұжымының жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, академик Зиябек Қабылдинов таныстырды.

Редакция алқасы бесінші томның қолжазбасын бекітіп, баспаға дайындау туралы шешім қабылдады.

Бұдан кейін академиялық басылымның кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихына арналған алтыншы томының қолжазбасы қаралды.

Аталған томның тұжырымдамасын, құрылымы мен мазмұнын авторлар ұжымының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Күлғазира Балтабаева таныстырды.

Сонымен қатар тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Аяғанның, әлеуметтану ғылымдарының докторы, Философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры Айгүл Сәдуақасованың, «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры, саяси ғылымдарының кандидаты Андрей Чеботаревтің рецензиялары тыңдалды.

Редакция алқасының мүшелері Дихан Қамзабекұлы, Еркін Әбіл, Галина Ксенжик, Радик Темірғалиев, Мәмбет Қойгелдиев, Ханкелді Әбжанов, Кенжехан Матыжанов, Оразақ Смағұлов, Берекет Кәрібаев, Жақсылық Сәбитов, Айболат Күшкімбаев, Нұрсан Әлімбай, Айдос Сарым, Сәбит Шілдебай, Берік Әбдіғалиұлы, Михаил Акулов және тағы басқалары өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Жиын соңында редакция алқасы «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» академиялық басылымының алтыншы томын қарауды келесі отырыста жалғастыру жөнінде шешім қабылдады.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару