Жаңалықтар

5 қазан 2012
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Серік Ахметовті қабылдады

С.Ахметов Қазақстан Президентіне 2012–2014 жылдарға арналған үш жылдық бюджет жобасын әзірлеу барысы мен Үкіметтің таяу кезеңдегі міндеттері туралы баяндады.

 

С.Ахметов Қазақстан Президентіне  2013 – 2015 жылдарға арналған үш жылдық бюджет жобасын әзірлеу барысы мен Үкіметтің таяу кезеңдегі міндеттері туралы баяндады.

Сонымен қатар, кездесуде еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, жиын-терін науқанының аяқталуы және жылу беру маусымына дайындық мәселесі талқыланды.

Мемлекет басшысы Үкімет толықтай құрылып болып, белсенділікпен жұмысқа кіріскенін атап өтті.

- Әрбір министр өзіне қандай міндеттер жүктелгенін біледі. Қызметтің барлық бағыты бойынша жұмысты жандандырып, биылғы жылды жақсы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштермен аяқтау қажет, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев жиын-терін науқанының аяқталуына байланысты өңірлерде астық қорын тұрақтандыруды қалыптастыру, сондай-ақ нан бағасының өсуіне жол бермеу жөнінде облыстар әкімдерімен бірлескен жұмысты жалғастыру қажеттігін атап көрсетті.

Мемлекет басшысы кездесудің қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.         


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар