Жаңалықтар

9 қыркүйек 2016
Елбасы Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады

Кездесуде өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығын дамыту, сондай-ақ, өңірдің экономикасын одан әрі әртараптандыру перспективалары қарастырылды.

А.Көлгінов Мемлекет басшысын өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы, сондай-ақ алдағы кезеңдегі өзекті міндеттер жөнінде хабардар етті.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар