Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

1 қыркүйек 2012
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласындағы №70 жаңа мектеп-лицейдің ашылу рәсіміне қатысты

Қазақстан Президенті жиналғандар алдында сөйлеген сөзінде бүгін ашылып отырған мектеп – Астанадағы жаңа оқу жылында пайдалануға берілген төрт мектептің бірі екенін атап өтті.

Қазақстан Президенті жиналғандар алдында сөйлеген сөзінде бүгін ашылып отырған мектеп – Астанадағы жаңа оқу жылында пайдалануға берілген төрт мектептің бірі екенін атап өтті.

- Заманауи жабдықтармен жабдықталған бұл мектепте 1200 бала білім алады. Бүгінде Астанада 270-ке жуық білім беру мекемесі жұмыс істейді. Егер өткен жылы Астана мектептерінде бірінші сыныптарға 10 мыңға жуық бала қабылданса, олардың қатары биыл 12 мыңнан асты. Бұл - елордамызда халық санының қарқынды өскенінің көрсеткіші. Бұл мектепте спортпен шұғылдану, рухани және мәдени даму үшін барлық жағдай жасалған. Өткен жылы астаналық оқушылар халықаралық олимпиадалар мен ғылыми конкурстардан 23 алтын медаль жеңіп алды. Енді осы жоғары деңгейді астаналық оқушылар да, ұстаздар да өз биігінде ұстап тұруға тиіс, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті тек биылдың өзінде Қазақстанда 146 жаңа мектеп өз есігін ашқанын, ал 2015 жылға дейін 522 мектеп салынатынын айтты.

- Мемлекет сапалы білім алу үшін жағдай жасауға ерекше назар аударып келеді. Тәуелсіздігіміздің 20 жылы ішінде біз жүзеге асырған істер дамуымыздың іргетасына айналды. Ағынға қарсы жүзіп үйреніңдер, сәл аялдадың ба – толқын сені кері ала жөнеледі. Үнемі ақылыңды серік етіп, біліміңді жетілдіріп, спортпен шұғылданыңдар. Білім мен спорт даму үшін сендердің алдарыңда жаңа мүмкіндіктер ашады, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Оқу орны жаратылыстану-математикалық бағытта білім береді. Жаңа мектеп-лицейдің жалпы аумағы 10 мың шаршы метр. Онда 44 оқу бөлмесі (соның ішінде 2 мультимедиалық), мәжіліс залы, кітапхана, шеберхана, жаттығу және спорт залдары бар. Бірінші сынып оқушылары үшін логика, шахмат және тоғызқұмалақтан қосымша үйірмелер өткізу үшін ұзартылған күн тобын ұйымдастыру жоспарланған. Сондай-ақ көп тілді оқыту жүйесін енгізу көзделінген.           

             


Барлық жаңалықтар
 
Өзге іс-шараларға қатысу
Өзге іс-шараларға қатысу