Жаңалықтар

26 сәуір 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай Арена» мәдени-спорт кешенінің құрылысымен танысты
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы

Мемлекет басшысына нысанның құрылыс барысы таныстырылып, кешеннің алдағы жұмыс бағыты жөнінде баяндалды.

Жалпы, «Абай Арена» мәдени-спорт кешені облыс бюджеті есебінен бой көтеруде. Нысанның жалпы аумағы – 33,8 мың шаршы метр. Кешен осы жылдың соңында пайдалануға беріледі.

Сондай-ақ, шара барысында Қазақстан Президентіне «Қарағайлы» тұрғын ауданының жобасы таныстырылды. 25,4 мың адамға арналған тұрғын ауданның аумағы – 787,7 мың шаршы метр. Биыл 13 үй пайдалануға беріліп, 800-ден астам отбасы баспаналы болады.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жұмыс сапарлары
Барлық жұмыс сапарлары