Жаңалықтар

13 қыркүйек 2013
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесті

Кездесу барысында тараптар екіжақты өзара іс-қимылды дамытудағы басымдықтарды қарастырды.

Атап айтқанда, мемлекеттер басшылары сауда-экономика, инвестиция, су-энергетика және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың өзекті аспектілерін талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Алмазбек Атамбаев өңірлік қауіпсіздік мәселелері туралы да сөйлесті.   


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де шетелдерге сапарлар
Барлық шетелдерге сапарлар