National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаевтың төрағалығымен қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіру мәселесі жөнінде уәкілетті мемлекеттік органдар басшылары қатысқан кеңес өтті

2015 жылғы 06 қазан

 

Кеңес барысында 5 институционалдық реформаны жүзеге асыруға арналған «100 нақты қадамды» орындау аясында қамаудағы адамдарды камераларда ұстауға көшу және оларды жұмыспен қамту мақсатымен түзету мекемелерін жаңғырту ісіне қатысты Мемлекет басшысы
тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.

Жаңа қылмыстық заңнама санкциялардың жазалаушылық сипатын бәсеңдетуге және көп жағдайда бас бостандығынан айырудан өзге жазаларды қолдануға мүмкіндік берді. Нәтижесінде алғаш рет түрме контингенті 41 мыңға дейін азайды. 2001 жылы түзету мекемелерінде 88 мыңнан астам адам болған.

Қазіргі кезде қолданылып жүрген қамаудағы адамдарды жасақтық-барактық негізде ұстау тәжірибесі жазаның тәрбиелік әсерін төмендетеді және криминалдық келеңсіз дағдыларды жоюға ықпал етпейді. Бұл проблеманы шешу үшін  камераларда ұстайтын түзету мекемелерін пайдалану қажет.

Қамаудағы адамдарды жұмыспен қамтуға қатысты бұл көрсеткіш соңғы 10 жылда 50 пайыздан аспағаны атап өтілді. Сотталғандарды еңбекпен қамту кесілген жазаның тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ оларды тұрақты кіріспен қамтамасыз етеді. Бұл табысты олардың қылмысы арқылы келтірген зиянын өтеуге бағыттауға болады. 

Осыған байланысты қамаудағы адамдарды еңбекпен қамтуды ұйымдастырудың жаңа түрлері мен тәсілдерін, оның ішінде еңбекке ынталандыратын қосымша шаралар енгізу қажеттігі туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ түзету мекемелерінен босатылған адамдарды әлеуметтік бейімдеу жүйесін дамыту бағыттары талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.  


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 26 сәуір

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты

2024 жылғы 06 мамыр

Президент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты

Жарлық

2024 жылғы 06 мамыр

Ж.Х. Мәдиевті тағайындау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің