National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәниді қабылдады

2021 жылғы 10 маусым

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қатар мемлекеті Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәниді қабылдады.

Кездесу барысында қазақ-қатар қатынастарының даму перспективалары талқыланды. Бұл ретте саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды нығайтуға баса мән берілді.

 

Қазақстан Президенті өзара қызығушылық танытатын салалар бойынша екі ел арасындағы қарым-қатынастарды нығайту үшін зор мүмкіндік бар екенін айтты.

– Сіздің бұл сапарыңыздың маңызы өте зор болады деп ойлаймын. Келешекте біз өзара ынтымақтастық бағытында үлкен нәтижелерге қол жеткізе алатынымызға сенімдімін. Қазақстан осындай жетістіктерге қол жеткізуге мүдделі, – деді Мемлекет басшысы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен жуырда телефон арқылы сөйлескен кезде қол жеткізілген уағдаластық туралы айтты. Атап айтқанда тараптар Қатар басшысының Қазақстанға жоспарланған сапарының қарсаңында бірнеше ірі инвестициялық жобаларды бірлесе әзірлеу жөнінде келісімге келген.

 

Өз кезегінде, Қатар Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Қатар Әмірінің Қазақстан Президентіне және халқына жолдаған сәлемі мен ізгі тілегін жеткізді.

Шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тани Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қатар Әмірінің экономика саласына баса мән бере отырып, Қазақстанмен арадағы ықпалдастықты одан әрі нығайту үшін берік негіз қалауға мүдделі екенін білдірді. Сондай-ақ коронавирус індетіне қарсы қазақстандық QazVac вакцинасының әзірленуіне байланысты Қатар басшысының құттықтауын жеткізіп, аталған мәселе бойынша кез келген көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.  

Бұдан бөлек Қатардың сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен өткізген келіссөз нәтижелері жөнінде, сондай-ақ, Қазақстан тарапынан инвестициялық жобаларды іске асыруға байланысты бірқатар ұсыныс түскені туралы мәлімет берді. Бұл ретте Қатардың Ұлттық әл-ауқат қоры мен ұлттық компаниялары аталған жобаларды зерттеу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп отырғанын атап өтті.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2021 жылғы 14 маусым

Мемлекет басшысы «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израильдің жаңадан сайланған Премьер-Министрі Нафтали Беннетке құттықтау жеделхатын жолдады

2021 жылғы 14 маусым

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израильдің жаңадан сайланған Премьер-Министрі Нафтали Беннетке құттықтау жеделхатын жолдады

Жарлық

2021 жылғы 09 маусым

Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің