National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қазақстан тарихының көптомдығын дайындау бойынша кеңес өтті

ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин «Ежелгі кезеңнен қазіргі уақытқа дейінгі Қазақстан тарихы» академиялық көптомдық басылымын дайындау мәселесі бойынша кезекті кеңес өткізді.

Қазіргі заман ғылым талабына сай Қазақстанның көптомдық тарихын әзірлеу Президенттің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында көтерілгені баршаға аян.

Отырыс барысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен жаңа академиялық басылым томдарының жетекшілері – Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының бас директоры Ақан Оңғар, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдинов, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты жанындағы Тарихи материалдарды зерттеу бойынша республикалық ақпараттық орталығының директоры Меруерт Әбусейітова – Мемлекеттік кеңесшіге Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың II отырысында қойған міндеттерінің орындалуы туралы баяндады.

Ерлан Қарин отырыстың қорытындысында Қазақстан тарихының жаңа академиялық көптомдық басылымын дайындау жұмысының алдағы бағыттарын айқындап берді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 21 мамыр

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс, цифрландыру, инвестициялық ахуалды жақсарту және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Мәжіліс депутаты, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Ұлттық құрылтай мүшесі Бақтықожа Ізмұхамбетовті қабылдады

2024 жылғы 30 мамыр

Мемлекет басшысы Мәжіліс депутаты, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Ұлттық құрылтай мүшесі Бақтықожа Ізмұхамбетовті қабылдады

Жарлық

2024 жылғы 17 мамыр

Н.И. Қилыбайды тағайындау туралы