National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының отырысын өткізді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің төрағалығымен Алматы қаласында Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының отырысы өтті. Бұл жиын Ұлттық комиссиясының 30 жылдығына арналды.

Отырысқа Комиссияның тұрақты мүшелері, тиісті мемлекеттік органдардың вице-министрлері, мәдениет, білім және ғылым салаларының белгілі қайраткерлері қатысты.

Жиында Комиссия қызметінің өзекті мәселелері талқыланды. Әсіресе, ҚР аумағындағы ЮНЕСКО тізіміне енген нысандарды сақтау ісіне ерекше көңіл бөлінді.

Ерлан Қарин Қазақстанның ғылым, мәдениет және білім салалары бойынша халықаралық ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға үлкен мән беретінін атап өтті. Сондай-ақ, еліміздің ЮНЕСКО мен ИСЕСКО ұйымдарына мүшелігін барынша пайдалана отырып, ұлттық мүдденің басым міндеттерін іске асырудың маңызды екеніне назар аударды.

Өткен жылғы жұмысты қорытындылаған Мемлекеттік кеңесші Комиссияның, оның тақырыптық комитеттерінің, клубтарының және ЮНЕСКО-ның қауымдастырылған мектептерінің нақты нәтижелері туралы айтты. Оның ішінде, былтыр ЮНЕСКО шеңберінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық және әйгілі әнші Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойлары аталып өтті. Қазақстанның «Бурабай» мемлекеттік ұлттық паркі мен Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығын ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісіне қосу туралы ұлттық өтінімі қанағаттандырылды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 26 сәуір

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты

2024 жылғы 06 мамыр

Президент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты

Жарлық

2024 жылғы 06 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы