National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Абдулла Шахидпен кездесті

2022 жылғы 11 тамыз

Мемлекет басшысы Қазақстанға ресми сапармен келген Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 76-сессиясының төрағасы Абдулла Шахидпен кездесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Абдулла Шахидке ілтипат білдіре отырып, Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ықпалдастықты одан әрі кеңейту жолында оның бұл сапарының маңызды екенін атап өтті.

Президент жаһандық бейбітшілікті, қауіпсіздік және тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі Дүниежүзілік ұйымның айрықша рөлін атап өтті. Сонымен қатар Абдулла Шахидтің БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы лауазымындағы белсенді қызметін жоғары бағалады.

– БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясы – барша адамзат үшін ең қажетті шешімдерді ұсыну мақсатымен басшылардың сындарлы жағдайда бас қосуы үшін бірегей мүмкіндік. Біз осы маңызды іс-шараны нәтижелі өткізу үшін Сіздің қосып отырған үлесіңізді құрметтейміз,– деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-сессиясының төрағасы елімізге, Орталық Азияға алғаш рет келгенін айтып, Қазақстан мен БҰҰ арасындағы 30 жылдық кезеңдегі көпжоспарлы әріптестіктің деңгейіне көңілі толатынын жеткізді. Сондай-ақ Қазақстан Президентінің бастамасымен елімізде жүзеге асырылып отырған ауқымды реформаларды, Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша өткен референдумды жоғары бағалады.

Абдулла Шахидтің айтуынша, жүзеге асырылып жатқан реформалар Қазақстанда адам құқықтарының қорғалуы мен азаматтық қоғамның дамуын жаңа сатыға көтеруге мүмкіндік береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 13-15 қыркүйекте елордамызда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының жетінші съезі өтетініне тоқталып, Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдау көрсететіне алғыс білдірді.

Абдулла Шахид Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының жиынын маңызды алаң деп атап, съездің мәртебесін жоғары бағалады. Оның айтуынша, әлем елдерінде көп жағдайда түсінбестік адамдардың наным-сеніміне қарай кемсітуінен туындап жатады. Осы орайда БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы діни көшбасшылардың жетінші съезінде рухани жетекшілердің әлемдік бейбітшілікті насихаттауы басты тақырып болатынына сенім білдірді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2022 жылғы 17 қыркүйек

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады

2022 жылғы 23 қыркүйек

Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады

Жарлық

2022 жылғы 22 қыркүйек

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің