Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық әйелдер күніне арналған концертті жұртшылықпен бірге тамашалады. «Астана Опера» театрының сахнасында Қазақстанның танымал мәдениет қайраткерлері мен шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті.